Өскемен
ясно
-25°
  • Өскемен
    -25°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -16°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +1°
  • Орал
    -6°
  • Қарағанды
    -16°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -7°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    -6°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    +2°
$
515.31
-0.66
533.96
-3.84
¥
70.69
-0.28
5.3
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жыл басынан бері ШҚО-да 7 көлік өртеніп кете жаздаған

Ал былтыр облыс бойынша барлығы 116 автокөлік өрті тіркеліпті

Усть-Каменогорск и ВКО / Жыл басынан бері ШҚО-да 7 көлік өртеніп кете жаздаған
Фото:
ШҚО ТЖД

Автокөлік өрттерінің негізгі себептері – қысқа тұйықталу, автокөлік бөлшектерінің тозуы, қауіпті агрегаттарды абайсыз пайдалану, хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.

Құтқарушылар автокөлік салонында әрдайым өрт сөндіргіш болуы керектігін еске салады. Оның жарамдылық мерзімін бақылап, уақытылы қайта толтырып отыруды да естен шығармаған абзал.

Егер өрт көлік жүріп келе жатқанда шықса, дереу тоқтау қажет. Қозғалтқышты сөндіріп, кілтті суырып алыңыз. Көлікті қол тежегішіне қойып, барлық жолаушыларды сыртқа шығару қажет. "101" немесе "112" нөмірлеріне шұғыл қоңырау шалыңыз, - деп ескертеді ШҚО ТЖД құтқарушылары. - Капотты ашатын рычагты тартып, өрт сөндіргішті алыңыз. Егер капот астынан жалын немесе қою түтін шықса, оны толығымен ашуға болмайды – оттегі еніп, жалынды бірден күшейтуі мүмкін. Өрт сөндіргіштің ұшын капот пен радиатор торының арасындағы саңылауға бағыттап, жалынды басыңыз. Қолғап киіп, капотты толық ашып, өртті толық сөндіріңіз. Қайта тұтанудың алдын алу үшін аккумулятор клеммаларын ажыратыңыз.

Егер көлік тұрақта тұрса, әрекет ету алгоритмі сол қалпы қалады – "112" қызметіне қоңырау шалу, өрт сөндіргішті пайдалану, қолғап кию, аккумулятор клеммаларын ажырату.

ШҚО ТЖД көлігіңізді өрттен сақтау үшін оның техникалық жай-күйін мұқият қадағалап, уақтылы техникалық тексерістен өткізуді ұсынады. Қыс мезгілінде көлікті жылыту үшін қолдан жасалған қыздырғыш құрылғыларды, электрлі жылытқыштарды немесе дәнекерлеу шамдарын пайдалануға болмайды.

Следующая →