Өскемен
ясно
-25°
  • Өскемен
    -25°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -16°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +1°
  • Орал
    -6°
  • Қарағанды
    -16°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -7°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    -6°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    +2°
$
515.31
-0.66
533.96
-3.84
¥
70.69
-0.28
5.3
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Самар ауданында отбасылық спорттық жарыс өтті

Самар ауданының орталық стадионында "Жарысқа кел, Жанұя!" атты эстафеталық спорттық ойыны өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Самар ауданында отбасылық спорттық жарыс өтті

Жарысқа ауданның 7 ауылынан келген командалар қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сайыстың мақсаты – тұрғындардың қысқы демалыс күндерін отбасымен бірге қызықты өткізу, ойын арқылы бой сергітіп, таза ауада шынықтыру, балаларға салауатты өмір салтын сақтауды насихаттау, сол арқылы дені сау, рухы мықты ұрпақ тәрбиелеу.

Эстафета аудан әкімі Серік Жеңісұлының тапсырмасымен аудан тұрғындарының демалыс күндерін пайдалы әрі қызықты өткізу мақсатында ұйымдастырылды. Ауданымыздың ауылдарынан, ауылдық округтерінен командалар келді. Сайыс отбасылық эстафета форматында өтті. Ал алдағы уақытта чемпионаттар, марафондарды ұйымдастырып, әртүрлі спорт түрлерін қамту жоспарда бар, – дейді аудандық спорт бөлімінің басшысы Асқар Төлеубайұлы.

Сайыс бағдарламасында командалар "Шаңғы эстафетасы", "Шанамен кім жылдам?", "Стюб эстафетасы", "Кім мерген?", "Қысқы балық аулау" және "Доппен хоккей ойыны" кезеңдерінде бақ сынасты.

Жарыс нәтижесінде 3-орынды Көкжыра ауылының "Бүркіт" командасы иеленді. Ал 2-орынға Құлынжон ауылының "Сұңқар" командасы тұрақтаған. Жүлделі 1-орынды Самар ауылының атынан қатысқан "NEW командасы" қанжығалады.

Следующая →