Өскеменде ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңкеге Өскемен қаласының және жақын маңдағы аудандардың ауылшаруашылық тауар өндірушілері, шаруа қожалықтары өз өнімдерін алып келеді

Фото:
Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінен
Жәрмеңке әдеттегідей "Алтай" көтерме-бөлшек сауда орталығында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Устинка LIVЕ тілшісі.
25 қаңтарда сағат таңғы 8.00-14.00-ге дейін "Алтай" көтерме-бөлшек сауда орталығының аумағында (мекенжайы: Жібек Жолы даңғылы, 44) биылғы жылдың алғашқы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді.