Тарбағатай ауданында "Тұғыл - Майқапшағай" темір жолын мен өзен порты салынбақ
ШҚО арқылы негізгі транзиттік ағындар "Алматы - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы" және "Омбы - Қалбатау - Майқапшағай" бағыттарында жүзеге асырылады

ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтың айтуынша, Бұқтырма су қоймасы арқылы көпірдің ашылуы "Қытай - Қазақстан - Ресей" балама көлік дәлізін құруға ықпал етті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бүгінгінде "Майқапшағай" өткізу пунктінде "Eurotransit Terminal" ЖШС компаниясы жылына 180 мың тонна жүкті қабылдай алатын уақытша сақтау қоймасын салуда. Бұл жоба 2026 жылы аяқталады. Жоба іске қосылғаннан кейін жүктерге кедендік құжаттарды ресімдеу, тексеру және кедендік тазарту жұмысы айтарлықтай жеңілдейді, - деді Нұржан Жұмаділов.
ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, туристік әлеуетті арттыру үшін Катонқарағай және Зайсан курорттық аймақтарына жаңа әуежайлар салынып жатыр. Бұл жобаны "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асыруда. Жоспар бойынша 2026 жылға қарай әуежайлар іске қосылады. Алғашқы кезеңде Q400, ATR 42/72, CRJ200 ұшақтарын қабылдауға арналған ұзындығы 2200 метр, ені 35 метр жасанды ұшу-қону жолағы салынады. Кейін бұл көрсеткіштер Airbus A320 және Boeing 737 типті кең фюзеляжды ұшақтарды қабылдайтындай етіп кеңейтіледі.
Сондай-ақ, Ертiс трансшекаралық өзенiн пайдалана отырып, iшкi су көлiгiнiң позициясын нығайту үшiн Ертiс және Обь өзендерi арқылы Солтүстiк теңiзге шыға отырып, Қазақстан аумағы арқылы Қытай мен Ресей арасында мультимодальдық транзиттiк дәлiз құру жөнiндегi мәселелер пысықталуда.
Мультимодальды транзиттік дәлізді құру 2027 жылға дейін Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылында ұзындығы 99 км "Тұғыл - Майқапшағай" темір жолын тарта отырып, өзен портын салу, сондай-ақ Қазақстан-Қытай шекарасында "Майқапшағай - Зимұнай" төртінші шекаралық темір жол өткелін салу көзделуде, - деді ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.