Өскемен
малооблачно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +29°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +27°
  • Көкшетау
    +29°
  • Қостанай
    +30°
  • Қызылорда
    +37°
  • Павлодар
    +27°
  • Петропавловск
    +29°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +33°
$
512.44
+0.52
593.15
+4.24
¥
71.38
+0.11
6.52
+0.08
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен тұрғыны полицияға жарылғыш зат жасырылғаны туралы жалған ақпарат хабарлаған

Ағымдағы жылдың 13-ші қаңтарында таңға жуық мас ер адам "102" арнасына қоңырау шалып, қаладағы клубтардың бірінде жарылғыш зат жасырылғанын айтқан

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен тұрғыны полицияға жарылғыш зат жасырылғаны туралы  жалған ақпарат хабарлаған
Фото:
Устинка LIVE

ШҚО ПД мәліметінше, оқиға орнына бірден патрульдік полиция мен жедел тергеу тобы жіберілген. Алайда, мекемені мұқият тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат табылмаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Полиция қызметкерлері 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол өзінің әрекетін алкогольдік масаң күйде жасағаны және болған жайт есінде жоқ екендігі туралы түсініктеме берген. Терроризм актісі туралы жалған хабар тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, тергеу жүргізілуде, -т дейді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция департаменті терроризм қаупі туралы қасақана жалған хабарлау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.


Следующая →