Өскемен
пасмурно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +2°
  • Ақтөбе
    +9°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +1°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
539.06
623.75
¥
75.69
6.63
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-ға Ресейден газ тартылады

Қазір аймақта 10 елді мекен, соның ішінде Зайсан қаласы, газға қосылған. Бұл 23 мыңнан астам адамды немесе облыс халқының 3,25%-ын қамтиды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-ға  Ресейден газ тартылады
Фото:
pixabay.com

Қазіргі уақытта Ресейден газ жеткізу мәселесі бойынша ҚР Энергетика министрлігімен келіссөздер жүргізілуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл туралы ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте баяндады.

Газдандыруды кеңейту мақсатында "Сарыбұлақ" кен орнының шектеулі қоры мәселесін шешу маңызды болып отыр. 2019 жылы "Manyraq gas barlau" ЖШС ҚР Энергетика министрлігімен келісімшарт шеңберінде Тарбағатай ауданында геологиялық барлау жұмыстарын бастады. Келісімшарттың мерзімі 6 жыл. Бірінші барлау ұңғымасы 1064 метр тереңдікте бұрғыланып, көмірсутек қорларын тереңірек зерттеу үшін қосымша ұңғымаларды бұрғылау мүмкіндігі қарастырылуда, - деп атап өтті Нұрлан Рамазанов

Облысты газдандыруды дамытуда ҚР Үкіметі мен "Газпром" компаниясы арасындағы келісім маңызды рөл атқарды. Сондай-ақ, аймақтың газдандыру схемасы жаңартылып, қажетті газ көлемі 2,03 млрд м³ деңгейінде анықталды. Қазір Ресейден газ жеткізу мәселесі бойынша ҚР Энергетика министрлігімен келіссөздер жүргізілуде.

Өткен жылы ШҚО-ға 33 838 тонна СМГ бөлінген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 7 298 тоннаға артық. СМГ 22 автогаз құю станциясы арқылы сатылып, 1 литрінің бағасы 84 теңгені құрайды, ал облыс орталығынан 200 км қашықтықтағы елді мекендер үшін баға 89 теңге.

Ай сайын өңірге 3 443,1 тонна газ қажет. Оның ішінде 1 954,4 тоннасы автогаз станцияларына, 206,8 тоннасы өнеркәсіптік кәсіпорындарға, ал 1 281,9 тоннасы үй шаруашылықтарына бағытталады. 2025 жылдың бірінші тоқсанына ШҚО үшін 9 141 тонна СМГ бөлінген.

Следующая →