Өскемен
ясно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -15°
  • Актау
    -2°
  • Орал
    -9°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -11°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +1°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    -17°
  • Шымкент
    +10°
$
502.89
+0.42
527.03
+1.20
¥
69.36
+0.10
5.71
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да ертең қалың қар мен жаңбыр жауады

"Қазгидрометтің" ақпараты бойынша 22 қаңтарда облыста қалың қар мен жауын жауу мүмкін

Усть-Каменогорск и ВКО /  ШҚО-да ертең  қалың қар мен жаңбыр жауады
Фото:
pixabay.com

Облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО-да оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с жел соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан асатын жел күтіледі. 23 қаңтарда ауа температурасы түнде -15-20, облыстың шығысында 25-30 градусқа аязға дейін күрт төмендейді, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

ШҚО ТЖД мамандары облыс тұрғындарын елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға кеңес береді.

Егер шығу қажет болса, автожолдардың жай-күйін нақтылаңыз. Көлікті жолға дайындап, өзіңізбен бірге байланыс құралдарын, зарядтағыш құралдарды және оларға қосалқы батареяларды алыңыз. Азық-түлік, сіріңке және жылы киім, қол шамы, сондай-ақ жол бойындағы дәмханалардан тамақ пен ыстық шай термосқа құйып қосымша алыңыз. Толық жанармай құйып, қосымша жанармай құйылатын ыдыс алыңыз. Маршрут бойынша жүру кезінде жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін сақтаңыз. Ауа-райы нашарлаған кезде, күту үшін елді мекендерге, жанармай құю станцияларына, жол бойындағы дәмханаларға жақын жерде тоқтауға тырысыңыз. Бұл туралы туыстарыңызға және жақындарыңызға хабарлауды ұмытпаңыз, - деп кеңес береді ШҚО Төтенше  жағдайлар департаменті мамандары. 

Төтенше жағдай кезінде "112" нөміріне хабарлаңыз.


Следующая →