ШҚО-да су тасқыны қаупінің картасы жаңартылды
Аймақ басшысы Ермек Көшербаев жұмыс сапарымен ауа райының қалыптан тыс жылынуы салдарынан қардың еруі басталған Зайсан ауданына іссапармен барды
Облыс әкімі ШҚО ТЖД, ШҚО ПД және басқа да мүдделі басқармалар өкілдерінің, сондай-ақ Тарбағатай ауданы әкімі мен Зайсан ауданы әкімінің орынбасарының қатысуымен жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Су тасқынының алдын алу үшін қазір жолдарды тазалап, қарды күреп және жол жиектеріндегі құбырларды тазартып, су өткізетін құрылыстарды тексеру қажет. Мамандардың айтуынша, мұндай жылы ауа райы соңғы 50 жылда тіркелмеген.
Өңір басшысы Марқакөл және Күршім аудандарында қазірдің өзінде көктемгі су тасқыны қаупін алдын алуға көмектесетін жер асты және еріген суларды тарату әдістері сәтті қолданылып жатқанын атап өтті.
Су тасқынын алдын алу жұмыстары маңызды, ол үшін облыстағы әрбір елдімекен үшін су тасқыны қаупі картасын, оның ішінде әрбір ауылды және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдардың егжей-тегжейлі алгоритмін жаңарту қажет. Әр аудан, ауыл әкімдері төтенше жағдай орын алған жағдайда бекітілген алгоритм бойынша әрекет етуі керек. Бәріне дайын болуларыңыз қажет. Басқа аудандардың да тәжірибесін қолданыңыздар, - деді Ермек Көшербаев.
Су тасқынына қарсы іс-шараларға жергілікті атқарушы органдар мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі жұмылдырылған.
Зайсан үшін бұл қалыпты жағдай. Жер қатқан кезде, әсіресе Дайыр мен Қарабұлақ ауылдарының маңында жер асты сулары жиі шығады. Су жиналған кезде құбырға, одан әрі Кеңдірлі көліне құяды. Бұл – жыл сайын қайталанатын табиғи құбылыс, алаңдаудың қажеті жоқ, - дейді гидротехник Мирзан Иманжанов.
Құтқару қызметі мен синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері өңірде ауа температурасының төмендеуі күтілуде. Сондықтан бұл аумақта су басу қаупі байқалмайды. Мамандар ауа-райының өзгерістері кезінде аталған учаскенің және жалпы облыстағы жолдардың жағдайын бақылауды жалғастырады.
Тәулік бойы мониторинг жүргізу, күнделікті дайындық, кешенді алдын алу шаралары Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны кезеңінің тұрақты өтуіне негіз болып табылады, - деді Ермек Көшербаев