Өскемен
облачно
-22°
  • Өскемен
    -22°
  • Алматы
    -6°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -9°
  • Актау
    +2°
  • Орал
    -6°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    -7°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    +1°
$
515.97
-4.30
537.8
+0.15
¥
70.97
-0.78
5.25
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Елімізге белгілі дәстүрлі әншінің ұлы әскери борышын Өскеменде өтейді

Ұлттық Ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеуге келген сарбаздар ант қабылдады

Усть-Каменогорск и ВКО /  Елімізге  белгілі дәстүрлі  әншінің  ұлы әскери борышын Өскменде өтейді
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Өскемен қаласындағы әскери бөлімде Отан алдындағы борышын өтейтіндер Абай, Алматы, Түркістан облыстарынан және Алматы және Павлодар қаласынан шақыртылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Салтанатты шараға Ұлттық Ұлан өңірлік қолбасшылығының әскерилер мен ардагерлер қатысты. Сап түзеген сарбаздардың семсер сүйіп серт берген мерейлі сәтіне ата-аналар қауымы да куәгер болды.

Әскери борышын өтеуге келгендердің қатарында Мәдениет саласының үздігі, елімізге белгілі дәстүрлі әнші Гүлдана Ноғайбаеваның ұлы Арман Тұрсынтаевта бар. Семей қаласынан шақыртылған Арман Тұрсынтаев "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтейді.

Отан қорғаушы анасындай өнер жолын таңдамаса да, спорт саласында айтарлықтай жетістікке жеткен. Он үш жасынан бастап үстел теннисімен шұғылданған ол аталмыш спорт түрінен спорт шеберінет үміткер.

Мен 2018 жылдан бастап үстел теннисімен айналысамын. Павлодар қаласында өткен халықаралық сайыста былтыр бағымды сынап көрдім. Нәтиже жаман емес.Өскемендегі әскери бөлімде мерзімді әскери қызметімді өткеріп болған соң, үстел теннисінен шеберлігімді шыңдап, ел намысын байрақты бәсекелерде қорғағым келеді, - дейді Арман Тұрсынтаев.

Следующая →