ШҚО-да құтқарушылар 1 жасар балаға көмектесті
Шемонаиха ауданында кішкентай баланың аяғы төсекке қысылып қалған
Фото:
pixabay.com
ШҚО ТЖД мәліметінше, сәбидың ата-анасы баласының аяғын шығара алмай, "112" қызметіне хабарласқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Көмекке келген ТЖД қызметкерлері құрал-саймандармен төсектің бұрандасын шешіп, баланың аяғын босатқан. Бір жасар бала ТЖ қызметі мамандарының жұмыс істеуіне кедергі келтірмей, өзін тыныш ұстаған.
Төтенше жағдай кезінде "112" нөміріне хабарлаңыз.