Өскемен қаласының тұрғыны сотқа жалған ақпарат бергені әшкере болды
Алматыдағы қонақүйлердің бірі Өскемен тұрғынынан 429 300 теңге өндіру туралы сотқа шағымданған
ШҚО сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылдың шілде айында "Booking" жүйесі арқылы Германия азаматынан Өскемен қаласының тұрғыны 2024 жылдың 30 шілдесі мен 8 тамызы аралығында қонақүйде тұруына бронь жасалған және сол азаматтың картасынан төленген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қонақ үй өз міндеттерін орындаған. Бірақ 2024 жылдың 14 қазанында банк карта қолданушының жалған транзакцияға қатысты қаржылық талабына сілтеме жасап, қонақ үйдің шотынан ақшаны қайтарып алған.
Сотта Өскемен қаласының тұрғыны қонақүйде тұрғанын мойындамай, Өскемен қаласында болғанын алға тартқан. Алайда сотқа ұсынылған дәлелдің арқасында оның көрсетілген мерзімде қонақүйде болғанын расталды. Айғақтарды зерделей келе тұрғын өтірік айтқанын мойындап, істі медиация тәртібімен аяқтауды ұсынған. Сот қала тұрғыныннын қарызды бөліп төлеуге келіскен келісімді бекітті.