Өскемен
ясно
-20°
  • Өскемен
    -20°
  • Алматы
    -6°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -9°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -6°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    -2°
$
520.27
-1.33
537.65
+3.38
¥
71.75
-0.19
5.24
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жатыр мойны обырының көрсеткіші төмендеді

2024 жылдың қорытындысы бойынша ауру 26,7%-ға азайып, 100 мың халыққа шаққанда 75 жағдайды құрайды

Усть-Каменогорск и ВКО /  ШҚО-да жатыр мойны обырының көрсеткіші төмендеді
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі

ШҚО-да жатыр мойны обыры мен өлім-жітім көрсеткіштері айтарлықтай төмендеген. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мадина Мырзабекова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ерте диагностикаға ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылы жатыр мойны обырының 84%-дан астамы I-II кезеңде анықталды. Бұл емдеуді ерте бастауға және толық сауығу мүмкіндігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді, - деді Мадина Мырзабекова.

Мадина Мырзабекованың айтуынша, аурудың төмендеуіне қол жеткізудің басты себептерінің бірі адамның папиллома вирусына қарсы вакцинациялау бағдарламасын енгізу болып отыр.

Облыста 2024 жылдан бастап қыздарды АПВ-ға қарсы вакциналау бағдарламасы сәтті басталды. Қазіргі уақытта 11 жасар 3200-ден астам қыз бала екпе алды, ал 2025 жылы 9696 қызды вакциналаумен қамту жоспарлануда. Вакцинация алдағы уақытта ауруды азайтып қана қоймай, бүкіл қоғамға пайда әкелетін ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі, - деп атап өтті ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Сонымен қатар, аймақта жатыр мойны обырын ерте анықтау бойынша скринингтік зерттеулер белсенді түрде жүргізілуде. 2024 жылы әйелдердің 97%-ы тексеруден өткен. Скрининг нәтижесінде 315 алдын ала ісік жағдайы және аурудың ерте кезеңіндегі 8 жағдай анықталды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда екі есе аз.


Следующая →