ШҚО-да аязға байланысты оқушылар сабақты қашықтан оқиды
Бүгін облыста сыртқы ауа температурасы -30-ден -37 градусқа дейін суық
ШҚО білім беру басқармасының ақпараты бойынша 16-шы қаңтар ауа температурасының -30-ден -37 градусқа дейін төмендеуіне байланысты бірнеше аудан мектептері қашықтан оқиды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Марқакөл ауданында ауа температурасының -30-тен -37 градусқа дейін төмендеуіне байланысты , мына мектептердегі 1-ші ауысымдағы сыныптар үшін сабақ қашықтықтан оқытылады:
- Ұрынқай орта мектебі (1-9 сынып);
- Шағатай орта мектебі (0-4 сынып);
- Төсқайың орта мектебі (1-11).
Үлкен Нарын ауданында ауа температурасының -30-ден -33 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 1-ші ауысымдағы мына мектептердегі сабақтар қашықтықтан оқытуға ауыстырылады:
- Солоновка орта мектебі (0-4 сынып);
- Ново-Хайрузов орта мектебі;
- Қ.Дамитов атындағы орта мектебі (0-9сынып),
- Үлкен Нарын орта мектебі;
- Кішінарын орта мектебі.
Алтай ауданында ауа температурасының -32 градусқа дейін төмендеуіне байланысты мына мектептердегі 1-ші және 2-ші ауысымдағы 0-9 сыныптар қашықтықтан оқытуға ауыстырылады:
- Зубов орта мектебі;
- Маяк орта мектебі;
- Дородница негізгі мектебі.
Ауа температурасының -34 тен -35 градусқа дейін төмендеуінен мына мектептердегі 0-11 сыныптар қашықтықтан оқытуға ауыстырылады:
- Первороссийское орта мектебі;
- Тұрғысын орта мектебі;
- Чапаев орта мектебі;
- Михаил Бикетов атындағы орта мектебі;
- Леснопристань орта мектебі;
- Путинцев орта мектебі;
- Соловьев орта мектебі.
Ауа температурасының -28 тен -31 градусқа дейін төмендеуіне байланысты мына мектептердегі 0-4 сыныптар қашықтықтан оқытуға ауыстырылады:
- №1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі;
- 2 Жаңа Бұқтырма орта мектебі;
- Первомай орта мектебі;
- Бородино орта мектебі;
- Средигор орта мектебі;
- Новокрестьян бастауыш мектебі;
- Подорленок бастауыш мектебі;
- Крестовка бастауыш мектебі;
- Михаил Харин атындағы бастауыш мектебі.