Өскемен
пасмурно
-5°
  • Өскемен
    -5°
  • Алматы
    -3°
  • Астана
    -5°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +1°
$
530.12
546.08
¥
72.33
5.17
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі Понтон көпірінің жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Көпір өткен жылдың қазан айының басында жабылып, жөндек жұмыстары желтоқсан айының ортасында аяқталады деп жоспарланған болатын

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі Понтон көпірінің жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?
Фото:
pixabay.com

Жаңа жыл келседе Тоғас көшесі ауданындағы көпірдің бір жағы әлі де көлік қозғалысы үшін жабық, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өскемен қалалық ТҮКШ және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің айтуынша көпірдің жөндеу жұмыстарының тоқтауынан екі себебі бар.

ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Рашид Шерубаев түсіндіргендей бірінші себебі, былтырғы жылдың қаржы тапшылығы. Сәйкесінше, өткелдегі жөндеу жұмыстарының мерзімдері ауыстырылған. Ал кейін жылыту маусымы басталып, көпір арқылы жылу құбырлары өтетіндіктен жөндеу жұмыстары шегерілген. Бұл екінші себебі.

Көпір арқылы өтетін бұл екі құбыр апатты жағдайда. Яғни, жұмысты жүргізу үшін бір желіні ажыратып, бөлшектеп, жаңасын тарту керек. Бірақ диаметрі мыңдаған миллиметр болатын екі негізгі магистраль бар. Біз жылыту маусымында жұмыстарды кейінге қалдырдық. Өйткені қазір бір магистральді өшіріп, бір айдың ішінде жаңасын салсақ, ескісі шыдамауы мүмкін. Жарылып, қаладағы жылу мен суды толығымен өшіру қажет болады, - дейді Рашид Шерубаев.


Қаланы сусыз, жылусыз қалдырудан қорыққан ТҮКШ бөлімі  сәуір айының соңына дейін күтуді ұйғарған. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарын қаржыландыру әлі толық бекітілмеген.

Рашид Шерубаевтың айтуынша, мердігерлер наурыз айында дайындық жұмыстарын бастайды.

Бастаған істі аяғына дейін жеткізу біздің міндетіміз. Мұның қала тұрғындарына қаншалықты қолайсыздық туғызатынын өзіміз де түсінеміз, - деді қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары.

Следующая →