Өскемендегі Понтон көпірінің жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?
Көпір өткен жылдың қазан айының басында жабылып, жөндек жұмыстары желтоқсан айының ортасында аяқталады деп жоспарланған болатын
Жаңа жыл келседе Тоғас көшесі ауданындағы көпірдің бір жағы әлі де көлік қозғалысы үшін жабық, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен қалалық ТҮКШ және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің айтуынша көпірдің жөндеу жұмыстарының тоқтауынан екі себебі бар.
ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Рашид Шерубаев түсіндіргендей бірінші себебі, былтырғы жылдың қаржы тапшылығы. Сәйкесінше, өткелдегі жөндеу жұмыстарының мерзімдері ауыстырылған. Ал кейін жылыту маусымы басталып, көпір арқылы жылу құбырлары өтетіндіктен жөндеу жұмыстары шегерілген. Бұл екінші себебі.
Қаланы сусыз, жылусыз қалдырудан қорыққан ТҮКШ бөлімі сәуір айының соңына дейін күтуді ұйғарған. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарын қаржыландыру әлі толық бекітілмеген.Көпір арқылы өтетін бұл екі құбыр апатты жағдайда. Яғни, жұмысты жүргізу үшін бір желіні ажыратып, бөлшектеп, жаңасын тарту керек. Бірақ диаметрі мыңдаған миллиметр болатын екі негізгі магистраль бар. Біз жылыту маусымында жұмыстарды кейінге қалдырдық. Өйткені қазір бір магистральді өшіріп, бір айдың ішінде жаңасын салсақ, ескісі шыдамауы мүмкін. Жарылып, қаладағы жылу мен суды толығымен өшіру қажет болады, - дейді Рашид Шерубаев.
Рашид Шерубаевтың айтуынша, мердігерлер наурыз айында дайындық жұмыстарын бастайды.
Бастаған істі аяғына дейін жеткізу біздің міндетіміз. Мұның қала тұрғындарына қаншалықты қолайсыздық туғызатынын өзіміз де түсінеміз, - деді қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары.