Ұлттық ұланның құрылғанына - 33 жыл
Өткен жылы Отан алдындағы борышын өтеуге келген сарбаздың 80-ге жуығы Ұлттық ұланның "Шығыс"өңірлік қолбасшылығына келісімшарт бойынша қызметке тұрған
Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты сарбаздары өткен жылы 2000 мыңға жуық тәртіпсіздіктің жолын кескен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі
Мерзімді әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы жоғары деңгейде. Қазіргі таңда синтетикалық заттарды тасымалдаушылар саны жиіледі. Сондықтан мерзімді әскери қызметшілер назарға іліккен әрбір адамды жіті бақылауда ұстайды. Сондай-ақ, олар орын алған оқиғаның ізін суытпай ашуда белсенділік танытады. Жауынгерлерге шексіз алғысын білдіріп, әскери бөлімге келетін қала тұрғындарының қарасы көп, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы, полковник Сергей Сергеев.
Сонымен қатар, өткен жылы жауынгерлер түрмеге тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған 60-тан астам күдіктіні ұстаған.
Былтыр өлшеусіз ерлік танытқан бірқатар әскери қызметшілердің еңбегі еленіп, мемлекеттік ордендермен марапатталды. Олардың қатарында Мемлекет басшысының үкімімен Үлбі өзеніне батқан қызды құтқарған 6699 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтер Пермабек Жанасбек III дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталса, 3477 әскери бөлімінің штаб бастығы подполковник Денис Шемет оқу-жаттығу кезінде көрсеткен өлшеусіз ерлігі үшін Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі "Айбын" орденіне ие болды.