Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    -3°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -14°
  • Қостанай
    -17°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -13°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    +2°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +1°
$
530.12
546.08
¥
72.33
5.17
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО оқу орындарында жаңа жұмысшы мамандықтары ашылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялап, жұмысшы мамандықтарының қоғам үшін маңыздылығын ерекше атап өтті

Ағымдағы жылдан бастап өңірде құрылыс, ауыл шаруашылығы, авиация, энергетика, су көлігі сияқты бағыттар бойынша жаңа жұмысшы мамандықтары ашылып, "Серпін" жобасы қайта жанданып, студенттерге шығыста білім алуға мүмкіндік берілмек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев аталған бағыттағы жұмыстардың негізгі басымдықтарын атап өтті.

Өңіріміздегі ірі кәсіпорындармен бірлесе отырып, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді. Қазіргі таңда облыстың 38 колледжінде 19 966 студент білім алып жатыр. Оның ішінде 5 мыңға жуық студент оқу орнын аяқтағаннан кейін өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасады. Бұл 86,6% көрсеткішін құрайды, - деді Ербол Жолдасбекұлы.

Облыста "Мектеп-Колледж-Кәсіпорын" жүйесі аясында кәсіптік бағдар беру жұмыстары қолға алынған. Бұл жүйе шеңберінде кәсіпорындарда оқушылар үшін шеберлік сыныптары, ашық есік күндері мен экскурсиялар өткізу жоспарланып отыр.

Оқушылар арасында кәсіби конкурстар ұйымдастырылып, үздік қатысушыларға кепілдендірілген жұмысқа орналасу мүмкіндігін қарастыратын арнайы сертификаттар берілмек. Бұл сертификаттар конкурссыз, мақсатты мемлекеттік тапсырыс негізінде колледждерге қабылдануға жол ашады, – деп атап өтті Ербол Нұрғалиев.

Сондай-ақ, өңірдегі 5 колледждің базасында құзыреттілік орталықтары жұмыс істейді. Олардың бірі халықаралық аккредитациядан өтсе, тағы бір орталық биыл аккредитациядан өтеді деп жоспарлануда.

Шалғай ауылдардағы жастар үшін мобильді оқу орталықтары білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз етуде. Алдағы уақытта "Мектеп-интернат-колледж" кешендерін ашу арқылы колледжі жоқ аудандардың тұрғындарына сапалы білім беру жүйесі құрылмақ.

ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтың айтуынша, облыста дуалды оқыту жүйесі жақсы жолға қойылған. 27 колледжде және 448 кәсіпорында жүзеге асырылып жатқан бұл жүйе 5 мыңнан астам студентті қамтыған.


Следующая →