Өскеменде бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды
Бүгін таңғы сағат 04:00-ден бастап Өскемен қаласындағы Әміре Қашаубаев, Астана, Космическая көшелері және Назарбаев даңғылында орналасқан тұрғын үйлер мен ұйымдарға жылу беру тоқтатылды
Фото:
Устинка LIVE
Уақытша жылуды тоқтату жылу желісі учаскесіндегі ақауды жоюға байланысты орын алған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметінше бұл учаскеге 3015 абонент кіреді, оның ішінде 2842-жеке тұлғалар, 173 – заңды тұлғалар.
Ақауды жою үшін "Шығыс жылу" АҚ-ның 16 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Ақауды жою жұмыстары 8-ші қаңтар сағат 09:00-де аяқталды. Қазіргі уақытта тұрғын үйлер мен ұйымдарға жылумен жабдықтауға кезең-кезеңімен қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде, - дейді ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасы.