Өскеменде істі болған азаматтар арасында шағын футболдан турнир өтті
Өскеменде пробациялық есепте тұрған азаматтар арасында шағын футболдан турнир өтті
Турнирге облыс орталығынан және Ұлан, Глубокое аудандарынан келген командалар қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Соңғы кездері пробациялық есепте тұрған азаматтардың аяқдопқа айрықша икемді екенін байқап жүрміз. Бұған облыстағы әр ауданда жиі ұйымдастырылып жүрген шағын футбол турнирлері дәлел болды. Істі болған азаматтар арасындағы спорт бәсекесі біртіндеп өңірлерде жалғасын тауып жатқаны да көңілді көншітеді. Біздің мақсат сотталған адамдарды қоғамға қайта бейімдеу , - дейді әділет аға лейтенанты, ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Сол жағалау ауданы пробация қызметі бөлімінің инспекторы Дамир Ауғанбаев.
Турнирдің қортындысы бойынша бірінші орынды Солжағалау аудандық пробация қызметі есебінде тұрған адамдардан құралған топ жеңіп алды. Екінші орынды Үлбі аудандық пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар иеленді. Үшінші орын глубокое ауданына бұйырды.