Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    -6°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    -3°
$
524.75
-2.48
540.6
-3.45
¥
71.57
-0.34
5.12
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да автомобиль жолдары саласында сыбайлас жемқорлық фактілері анықталды

ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі автомобиль жолдары саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екендігін анықтаған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да автомобиль жолдары саласында сыбайлас жемқорлық фактілері  анықталды
Фото:
ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінен

Жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау барысында кепілдік міндеттемелері үшін ең төменгі мерзімдерді белгілеуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Денис Шакенов мәлімдеді.

Жергілікті атқарушы органдар автожолдарды орташа жөндеу бойынша шарттарда кепілдік мерзімін бір жылға дейін әдейі төмендеткен 3 факті анықталған. Заңнамаға сәйкес кепілдік мерзім 2 жылдан 6 жылға дейін болуы тиіс.

Марқакөл ауылының көше жолдарын орташа жөндеу бойынша жалпы сомасы 59 млн теңгеге жасалған шарт осының айқын дәлелі болып табылады. Аталған шартта кепілдік міндеттемелердің мерзімі 1 жыл ғана көрсетілген. Сондай-ақ, жалпы сомасы 1,8 млрд теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу туралы 8 шартта тараптар автожолдарды пайдалануды қамтамасыз ету бойынша кепілдік мерзімдерін мүлдем көрсетпеген. Мысалы, жалпы сомасы 341 млн теңгені құрайтын Катонқарағай ауданының ТҮКШ бөлімімен "Согорное – Балықасу" автомобиль жолын орташа жөндеу бойынша шартта кепілдік міндеттемелердің мерзімі мүлдем жоқ. Осы мәселе бойынша біз кепілдік мерзімдерін ұлғайту туралы ұсыныстар бердік, құрылыс, реконструкция және күрделі жөндеу кемінде 5 жыл, орташа жөндеу кемінде 3 жыл,- деп хабарлады Денис Шакенов.


Следующая →