Алтай ауданында жаңа туристік орындар пайда болады
Алтай ауданы туризм саласын дамытуда белсенді жұмыстар жүргізілуде
Бұл туралы Алтай ауданы әкімінің орынбасары Занғар Шаухин ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Былтыр ауданда бірқатар маңызды жобалар іске асырылып, туризм саласындағы болашақ жаңа бастамаларға жол ашқан.
2023 жылы Прибрежный ауылында жыл бойы жұмыс істейтін демалыс орталығы мен қонақ үй кешені ашылды. Бұл жоба жеке кәсіпкер Владимир Войтас тарапынан жүзеге асырылып, туристерге тұру орындарымен қатар, түрлі демалыс түрлерін ұсынады. Осы жобаның арқасында ауданның туризм саласындағы қызмет көрсету көлемі екі есе артты, ал бюджетке түскен қаражат 254,9 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,7 есеге өскен,- деп атап өтті Заңғар Шаухин.Алдағы жылдары аудан туризмін дамыту мақсатында бірқатар ауқымды жобалар жоспарланған. Атап айтқанда Бүркіт тауындағы тау шаңғысы кешенін қалпына келтіру және Бұқтырма су қоймасы жағалауында "Пристань" туристік кешенін құру. Бұл кешен тек демалыс орны ғана емес, сонымен қатар дәріхана, банкомат және шағын наубайхана сияқты қосымша қызметтерімен ерекшеленбек.
Богатырево ауылында эко-туризмді дамыту шеңберінде ЭКО-турбаза жобасы іске асырылуда. Қазір бұл жерде қонақ үй жұмыс істеп тұр. Болашақта екінші қонақ үй салу жоспарланған. Жергілікті тұрғындар мен туристер АПИ-терапия сияқты ерекше қызметтер мен шатырлы лагерьде түнейтін бағыттар арқылы демалуға мүмкіндік алады.