Өскемен
ясно
-20°
  • Өскемен
    -20°
  • Алматы
    -6°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -9°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -6°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    -2°
$
520.27
-1.33
537.65
+3.38
¥
71.75
-0.19
5.24
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қысқы Азиадаға Шығыс Қазақстан облысынан 15 спортшы қатысады

ШҚО-ға жұмыс сапарымен келген ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өңірдегі бірқатар спорт нысанын аралап, жұмыс барысымен танысты

Усть-Каменогорск и ВКО / Қысқы Азиадаға Шығыс Қазақстан облысынан 15 спортшы қатысады
Фото:
ҚР Туризм және спорт министрлігінен

Сапар барысында Министр Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежіне барды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2013 жылы қолданысқа берілген спорт кешенінде жыл бойы жаттығу жасау үшін барлық жағдай жасалған, сондай-ақ мұнда облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сонымен қатар ведомство басшысы Өскемендегі Үстел теннисі орталығын аралады.

Туризм және спорт министрі үстел теннисі орталығында олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша облыстың аға жаттықтырушыларымен кездесіп, олардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Кездесу барысында министр аймақ спортын дамыту, жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру және спортшылардың дайындық деңгейін көтеру қажеттілігін атап өтті. ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов жабық футбол стадионы мен теннис академиясын салу жобасын таныстырды.

Шығыс Қазақстан облысы – елімізді әлемге танытып, көк байрағымызды желбіреткен талантты спортшыларды дүниеге әкелген өңір. Бұл аймақта даңқты хоккейші Борис Александров, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, фристайлдан қысқы олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева сияқты дарынды спортшыларымыз шыққан. Жалпы, ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалардың негізгі орталығы саналады. Сол себепті дайындық барысында қолда бар әлеует пен ресурстарды тиімді пайдалану қажет. Келесі жылы Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындары өтетіні белгілі. Қазақстан құрамасынан 6 спорт түрінен 139 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысынан биатлон, тау шаңғысы, шорт-трек және шайбалы хоккей сияқты спорт түрлерінен 15 спортшы бақ сынайды, - деді Ербол Мырзабосынов.


Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Спорт Қысқы Азиада