Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту бәрімізге ортақ міндет

Бүгінгінде елімізді 130-дан астам ұлт өкілдері мекен етіп, өмір сүруде

Усть-Каменогорск и ВКО / Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту бәрімізге ортақ міндет
Фото:
pixabay

ҚР Ата Заңының 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп көрсетілген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Тіл қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлім- тәрбиесі, қатынас құралы, іс жүргізу тілі,  елдік пен бірліктің туы, бізге ата-бабамыздан қалған баға жетпес асыл мұра, рухани байлық.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: "Қазақтың атадан балаға мұра етіп қалдыратын екі қазынасы бар, оның біріншісі-байтақ жері, екіншісі –бай тілі" дегендей, осы баға жетпес асыл мұра, құндылықты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу әр азаматтың парызы деп ойлаймын.  Мемлекеттік тіл-қазақ тілін жетік меңгеру жас ұрпақтың елдігін, ұлттық қасиетін сақтап қалуының кепілі, тіліміздің айлығы-ұлт мақтанышы, - дейді Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы Гульжан Шакирова.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Олардың әрқайсысының ана тілі, салт-дәстүрі бар. Көп ұлтты мемлекетімізде қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуін қамтамасыз ету қоғамдағы күрделі мәселе бірі.

Гульжан Шакированың сөзінше мемлекеттік тілді меңгерген басқа ұлт өкілдері ана тілімізде сөйлеп, тіліміздің дамуына өз үлестерін қосып, тілімізге құрмет көрсетіп жатқанын көріп, өзі қазақ ұлтынан бола тұрып, өзінің ана тілі-қазақ тілін білмейтін, тілін бұрмалайтындарды көргенде, қатты қынжылады.

Қазақ тілі тек қазақ халқының тілі емес, ол Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын рухы биік әрбір азаматтың тілі.

Қазақ тілінің тағдыры қазақ халқының тағдыры екенін терең түсініп, мемлекетіміздің келешегі жайлы терең ойлап, ана тіл мәртебесін үстем етіп, ел мерейін көтеруге ұмтылу қажет, осы асыл құндылығымыздың құны жойылмауы үшін өзіміздің сөйлеу мәдениетімізді қалыптастыру арқылы үлес қосатынымызды естен шығармайық

Следующая →