ШҚО-ның барлық аудандарының өнерпаздары Өскеменде жиналады
Осы аптада "Туған жер – алтын бесігім" облыстық жобасы қорытындыланады
Қорытынды кеште облыстағы барлық аудан және қала көркемөнерпаздары келеді, деп хабарлайды Устинка LIVЕ тілшісі.
Гала-концерт 20 желтоқсан күні сағат 18.00-да Шығыс Қазақстан облысытық филармониясының үлкен залында өтеді.
Концерттік бағдарламада Тарбағатай, Зайсан, Катонқарағай, Үлкен Нарын, Күршім, Марқакөл, Ұлан, Шемонаиха, Глубокое, Самар, Алтай аудандары және Риддер қаласының ең үздік өнерпаздары және Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының солистері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.
Жобаның үздік қатысушылары арнайы сыйлықтар және жүлделермен марапатталады.
Айта кетейік, "Туған жер – алтын бесігім" облыстық жобасының мақсаты - ауылдық мәдениетті, спортты дамыту; қала және аудандар арасында әлеуметтік-экономикалық бағыттарда тәжірибе алмасу және байланысты нығайту; аудандардағы ауыл шаруашылығы жетістіктерін көрсету, өнімдерін қала жұртшылығына сату; қолөнер шеберлерінің және басқа да шығармашылық тұлғалардың көрмелерін ұйымдастыру.