Өскемен
ясно
-20°
  • Өскемен
    -20°
  • Алматы
    -12°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    -6°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    -5°
$
524.66
+2.17
550.21
+2.33
¥
72.02
+0.20
5.09
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Келер жылы Тарбағатай аудандық ауруханасына күрделі жөндеуден жүргізіледі

Биыл Тарбағатай аудандық ауруханасына компьютерлік томография (КТ) аппараты алынды

Усть-Каменогорск и ВКО / Келер жылы Тарбағатай аудандық ауруханасына күрделі жөндеуден жүргізіледі
Фото:
Устинка LIVE

Құны 453,9 млн теңге болатын Canon Medical Systems Corporation (Жапония) құрылғысы 160 кескін жасай алады, жоғары сапалы аппарат, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қазіргі уақытта кабинетті арнайы жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

Денсаулық сақтау саласы бойынша 2023 жылы барлық қаржы көздерінен 1 787,6 млрд теңге қаражатқа 11 жоба жүзеге асқан болатын. Ал биыл 1 094,0 млн теңге қаражатқа негізгі 4 жоба жүзеге асырылуда. 2022-2023 жылдары 4 ауылдың - Маңырақ, Сарыөлең, Құйған, Тәукедегі медициналық мекемелер күрделі жөндеуден өтті. Аудандық аурухана ғимаратының ауызсу, кәріз және жылу жүйесі толықтай ауыстырылды. Перзентхана бөлімі құрал-жабдықтармен толық жабдықталып, күрделі жөндеу жүргізілді, - дейді Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев.

Аудан әкімінің айтуынша, ауданда "Қазақстан халқына"қоры арқылы реабилитациалық аппараттар алынған. Гормондарды тексеретін зертхана аппараттары да халық игілігіне қызмет етуде.

2025 жыл өңірде "Денсаулық сақтау жылы"деп жарияланды. Осыған орай алдағы уақытта біз Тарбағатай ауданының медицина саласын дамытуға бағытталған кешенді шараларды атқаратын боламыз, - деді аудан әкімі. – Мәселен, Тұғыл ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалды. Жоба құны 356,3 млн теңге. Бюджеттік өтінім облыстық бюджеттік комиссияға жолданып, 2025 жылы "Ауыл – ел бесігі"жобасы аясында қаржыландыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, Қабанбай ауылының дәрігерлік амбулаториясын жаңадан салу жоспарлануда. Биыл инвестициялық жобаның оң экономикалық қорытындысы алынып, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге облыстық бюджеттен қаражат бөлінді.

2025 жылы аудандық ауруханасын жөндеуге 1 млрд теңгеден астам қаражат қарастыру жоспарлануда. Оның ішінде емхана бөлімшесін (347,3 млн тг), жұқпалы аурулар бөлімін (69,6 млн тг) күрделі жөндеу, ішкі шаруашылық блогының және мәйітхана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіп (92,3 млн тг), алаңішілік желілеріне күрделі жөндеу (315,5 млн тг), аудандық аурухананың жылыту қазандықтарын ауыстыратын боламыз. (200,0 млн тг), - деді Дархан Жөргекбаев.

Следующая →