ШҚО-да алғаш рет Аяз ата мен Ақшақарлардың республикалық фестивалі өтеді
Облысқа еліміздің әр өңірінен 150-ден астам Аяз ата мен Ақшақар келеді
Фестиваль 19-21 желтоқсан аралығында өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVЕ тілшісі.
Аяз ата мен Ақшақарлардың республикалық фестивалі облыстағы танымал тау шаңғысы курортында өтеді. Үш күндік бағдарлама 19 желтоқсанда Риддер қаласында бастау алып, 20 желтоқсанда Алтай Альпісінде жалғасады және 21 желтоқсанда Өскеменде аяқталады. Бұл күні Аяз ата резиденциясының ашылып, облыс орталығындағы басты жаңажылдық шыршаның шамдары жағылады.
"Аяз ата, Ақшақар-2024" фестиваліне 150-ден астам Аяз ата мен Ақшақар қатысады. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстарының өкілдері өздерінің қатысатындығын растады, - деп атап өтті мәдениет басқармасы басшысының м.а. Самат Қасенов.
Мереке аясындағы шаралар спорттық ойын-сауықтар, мәдени бағдарламалар мен интерактивті іс-шараларды қамтып, барлық тұрғындар мен қонақтарға отбасылық мереке және жақсы көңіл-күй сыйлауға бағытталған.