Өскемен
ясно
-20°
  • Өскемен
    -20°
  • Алматы
    -12°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    -6°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    -5°
$
524.66
+2.17
550.21
+2.33
¥
72.02
+0.20
5.09
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Кәмелетке толмағандарға есірткі сатқандар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Бүкіл әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі - нашақорлық

Усть-Каменогорск и ВКО / Кәмелетке толмағандарға есірткі сатқандар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото:
Устинка LIVE

Нашақорлық - есірткіні жиі тұтыну нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Есірткі затын қолданып, қалай нашақор болып кеткенін білмей қалатындар көп. Ал осы есірткінің қармағына ілініп, одан құтыла алмай жүргендер қаншама, деп хабарлайды Устинка LIVЕ тілшісі.

Есірткіні тұтынушыға да, оны дайындап, сатушыға да жаза барын естен шығармаған абзал.

ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабына сәйкес "Қоғамдық орындарда есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді (медициналық мақсатта емес) тұтыну" жазасы – 80 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу. Есiрткi, психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтап, тасымалдағаны үшін 160 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қарастырылған, - дейді Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу сотының аға сот приставы Рашид Ахметов.

Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды заңсыз дайындап, қайта өңдеп, иемденіп, сақтап, тасымалдағандарға 200 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, 200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартылады не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алынады. Ал аса ірі мөлшерде болса, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Осы орайда ескере кететін жағдай, жеке тұтыну үшін сатып алған есiрткi, психотроптық заттарды өз еркiмен тапсырған не есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсаттарда тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетiлуi үшiн медициналық мекемеге өз еркiмен барған не есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен табылған мүлiктi табуға белсендi түрде ықпал еткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, - дейді Рашид Ахметов.

Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу сотының аға сот приставы атап өткендей, 297-бапқа сәйкес есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындап, қайта өңдеп, иемденіп, сақтап, тасымалдап, оларды жөнелтіп не өткізгендердің мүлкi тәркiленiп, 5 жылдан 10 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады. Ал есірткі ірі мөлшерде болса, мүлкi тәркiленiп, 6 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады.

Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; бірнеше рет; аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған; электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы; қоғамдық орында жасалған іс-әрекеттер үшін мүлкiн тәркiлей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер, сол сияқты есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді бiлiм беру ұйымдарында не көрiнеу кәмелетке толмаған адамға өткізгені үшін мүлікті тәркiлей отырып, 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады, - деді Рашид Ахметов.

Следующая →
Тақырыптар: Есірткі Қылмыс Жаза