Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлттық ұландықтар ел тыныштығын күзетуде қырағы

Егемен ел атану жолында шаһид болған бабалар ерлігі – баршаға үлгі

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұлттық  ұландықтар ел тыныштығын күзетуде қырағы
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы

Ел тыныштығын күзетудегі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының жеке құрамының жауынгерлік әзірлігі пен кәсіби шеберлігі жайлы "Шығыс" ӨҚ қолбасшысының орынбасары атап өтті, деп деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ғасырлар бойы көкірегімізде жастап, арман еткен егемендікті қазақтың басына қонған бес елі бағы, астына орнаған құламас тағы деуге толықтай негіз бар. Қазақ елі сұрапыл күйбең шақтарды артында қалдырып, талай белестерді бағындырды. Желтоқсанда жарқ еткен жалынды жастар қазаққа азаттық таңын сыйға тартқандай болды. Осылайша күллі жаһанға қазақтың қайратын, айбынын танытты. Сондықтан әрбір адам тәуелсіздіктің онай жолмен келмегенін есте сақтауы керек, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Атабек Салықбаев.

Тәуелсіздік – жасампаз еліміздің жаңашыл дәуірде қол жеткізген барлық жетістігінің қайнар көзі. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның терезесі тең, керегесі кең. Алпауыт әлемінің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді. Ал төрткүл әлемнің басын қосқан дүбірлі жиындар болсын, жалпы қоғамдық тәртіпті қадағалайтын Ұлттық ұлан жауынгерлерінің  көпшілік жиналған мерейлі мерекелердің қауіпсізідігін қамтамасыз етуде жанын беріп қызмет ететіндігі баршаға аян.

Ұландықтар республикамыз үшін қажетті келелі оқиғадан еш қалыс қалған емес. Өйткені егемен ел атану жолында шаһид болған бабалар ерлігі – баршамызға үлгі. Ұрпаққа аманат еткен ұланғайыр даланың тыныштығын күзетуде бүгінде Ұлттық  ұлан  әскерінің құндылығы  жоғары. Әсіресе, ел тыныштығын күзетуде қырағылық  танытқан "Шығыс" өңірлік  қолбасшылығының жеке құрамы  жауынгерлік әзірлік пен кәсіби шеберліктерін үнемі арттырып келеді. Сан салалы  даму мен жетілу сатыларынан сүрінбей  өткен ішкі  әскер  жұрт басына  төнген кез келген  қауіп-қатерге қарсы  тұрып аянбай әрекет етуде әзір. Темірдей тәртіпке бағынғандар "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының айбынын асырып,  адуынды  істердің  адырнасын тартуда, - дейді Атабек Салықбаев. - Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында әуелеген әнұранымызды шырқап,  баянды да бақытты ғұмыр кешуіңізге тілектеспін.  


Следующая →