Өскемен
малооблачно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -13°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -15°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    -7°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    -13°
  • Туркестан
    -2°
  • Шымкент
    -12°
$
522.49
547.88
¥
71.82
5.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да тұңғыш рет көлеңкелі экономика тақырыбына форум өтті

Өңірімізде Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен тұңғыш рет "Заң мен тәртіп. Көлеңкелі экономика: сын-қатерлер мен шешу жолдары" атты облыстық форум өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да тұңғыш рет көлеңкелі экономика тақырыбына форум өтті
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен

Облыс әкімі Ермек Көшербаев арнайы қатысқан бұл шараның мақсаты көлеңкелі экономика деңгейін төмендету, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және осы өзекті тақырыптар аясында пікір алмасу алаңын қалыптастыру болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шығыс Қазақстан техникалық университетінің фойесінде жас суретшілердің, оқушылардың көлеңкелі экономика, қаржы пирамидасы және лудомания тақырыптарына арналған жұмыстардың үлкен көрмесі ұйымдастырылды. Жас өрендердің туындыларын тамашалаған өңір басшысы Ермек Көшербаев оқушылардың осы тақырыптарды терең түсінетіндеріне, соған орай саналарында ой қалыптастырғандарына таң қалғанын жасырмады.

Он бір жасар баланың қолынан шыққан жұмысы назарымды аударды, бұл тақырып жасөспірімдерді де ойландырады екен. Әрине, бір форумның аясында қоғамдағы көлеңкелі экономика тақырыбына қатысты барлық мәселелерді шеше алмаспыз. Жақында біз есірткіге қарсы қандай жұмыстар, іс-шаралар істеу керектігін талқылап, прокуратура, облыстық әкімдік, ішкі істер органдарының өкілдері және әлеуметтік «Парыз» қорының көмегімен нақты бір шешім қабылдадық. Есірткі заттарын таратушы жастар ақшаның жеңіл жолмен  келетініне қызығып, осындай қылмыстарға баратыны белгілі. Бүгін ұсталмаса, ертең қылмысы әшкере болатынын түсінбейді. Сондықтан біз жастарға ескерткіміз келеді, егер есірткі жасырылған жерлерді білсеңіздер, оны айтып, құқықбұзушылыққа жол бермейік. Әңгіме біздің балаларымыздың болашағы, еліміздің ертеңі туралы болғандықтан, қоғамымызға зиянын тигізетіндіктен, жастарды теріс жолға түсуден қорғауымыз керек. Өңіріміздің бизнесмендері "Парыз" қорына ақша аудару арқылы, біздің бастамаларымызды қолдауға дайын, - деді Ермек Беделбайұлы.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Айдын Молдабеков көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету мақсатында республика көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Елімізде 28 қаржы пирамидасының жолы кесіліп, әлеуметтік желілерде 292 заңсыз чат жабылған. Нәтижесінде екі миллион азамат қаражаттарын жоғалтудан аман қалды. Есірткіден түскен табыстарды жылыстататын (отмывание) 924 банктік есепшот жабылды, төрт мың онлайн-казино сайтына кіру жабылды, 77 миллиард теңгенің күдікті операциялары тоқтатылды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша 60 миллиард теңге мемлекетке қайтарылған. Жылу энергетикасының нысаны мемлекеттің меншігіне қайтарылды. Екі миллиард теңгеден астам соманың мүлкі мемлекет кірісіне алынды.

Биыл экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен облыс әкімдігі ШҚО өңірлерінде экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау жобасын іске қосты. Аталған жоба аясында көптеген профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Жастармен ақпараттық-түсіндіру кездесулері, интеллектуалды ойындар, мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындары, колледж студенттері арасында "Ең үздік әлеуметтік бейнеролик" конкурсы өткізілді. Бүгінгі форумда сол конкурстың қорытындысын шығарамыз, - деді Айдын Молдабеков.

Биыл Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен экономикалық құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған пилоттық жоба іске қосылған. Жоба аясында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша өңірлік еріктілер тобының жұмысы ұйымдастырылды. Олар халық, әсіресе жастар арасында көлеңкелі экономика мен ойынға тәуелділіктің теріс салдары және қаржы пирамидаларының алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізді.

Форумның соңында көлеңкелі экономиканың алдын алу және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруда белсенділік танытқандарды облыс әкімі Ермек Көшербаев марапаттап, Алғыс хаттар табыстады.

Департаменттің "Ең үздік әлеуметтік бейнеролик" конкурсында бірінші орынды Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенттері жеңіп алды.

Колледждегі "Саналы ұрпақ" тобының арқасында қоғамдағы ең өзекті тақырыптардың бірі лудомания туралы видео түсіріп, жүлделі 1 орынға ие болдық. Жастарға айтарым, жаман әдеттерден аулақ болып, азартты ойындарға берілмеңіздер, букмекерлерге кіріп, ақшаға ойын ойнап керегі жоқ. Біз видеода осы проблемаларды көрсеттік, жұмысымыз достарымызға аздап болсын ой салады деп үміттенеміз. Бүгінгідей шараның жиі өткізіліп тұруын қалаймыз, - деді Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті Құрмет Айдын.

Әңгіме біздің балаларымыздың болашағы, еліміздің ертеңі туралы болғандықтан, қоғамымызға зиянын тигізетіндіктен, жастарды теріс жолға түсуден қорғауымыз керек. Өңіріміздің бизнесмендері "Парыз" қорына ақша аудару арқылы, біздің бастамаларымызды қолдауға дайын. Бүгінгі мәселелерге қатысты да осындай шешімдерге келуіміз керек, - деп қорытты Ермек Беделбайұлы.

Следующая →