"Алтай Альпісінде" аспалы жолдың тросы үзіліп кеткен
Салдарынан мектеп жасындағы қыз бала зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді
Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бүгін "Алтай Альпісі" демалыс базасы аумағындағы жаттығу жұмыстары кезінде аспалы жолдың тросы үзіліп кетті. Спортшыардың бірі иығын жарақаттады. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем жетті. 2013 жылғы қыз бала ауыр жарақат алмаған, дегенмен ол облыс орталығындағы Ана мен бала орталығына жеткізілді.
Оқиға орнына құқық қорғау органдарының, спорт басқармасының өкілдері мен Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов барған. Оқиғаның мән-жайын жіті анықтау үшін арнайы комиссия құрылады. Мәселе облыс әкімінің басты назарында.