ШҚО-да оперетта және драма театрының алғашқы маусымы ашылды
Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының сахнасында "Magic on stage" опереттасы өтті
Бағдарламада "Айсұлу", "MAMMA MIA", "Летучая мышь" сынды әйгілі қойылымдардың ең жарқын сәттері ұсынылды, деп хабарлайды Устинка LIVЕ тілшісі.
Үш опереттамыздың ішінен ең үздік үзінділерін таңдап, микс жасадық. Көрермен үшін ерекше концерт ұйымдастырылды. Желтоқсан айының соңына дейін тағы бір мәрте "Айсұлу" және "Жарқанат" опереттасын қоямыз. Ал жаңа жылда қандай қойылымдарды ұсынатынымыз әзірге құпия. Сондай-ақ алдағы уақытта гастрольдік сапарға шығуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін көлік мәселесін шешу керек, – дейді ШҚО драма және оперетта театры оркестрінің бас дирижері Александр Галсанов.
Мәдени шараға облыс әкімі Ермек Көшербаев қатысты. Өнрепаздармен еркін форматтағы әңгіме барысында аймақ басшысы Риддер қаласы мен Алтай, Зайсан аудандарында да дәл осындай театр ашу қажет екенін айтты.
Халықты өнерге жақындату керек. Маусымның ашылғанына мен өте қуаныштымын. Енді алға қарай жылжып, репертуарды кеңейтуге көңіл бөлген жөн. Тетар ұжымын міндетті түрде Алматы мен Астраханға гастрольдік сапарға жіберу керек. Сондықтан дайын болыңыздар. Біздің әртістер өз өнерін жоғары деңгейде көрсетеді деп сенемін, - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.
Ал өнерпаздардың айтуынша, оператта театры олар үшін баға жетпес шығармашылық тәжірибе.