Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +6°
  • Шымкент
    +24°
$
514.94
583.74
¥
70.56
6.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да есірткі қылмысы жайлы хабарлағандарға сыйақы берілмек

Ағымдағы жылдың 10 айында облыста 261 есірткі қылмысы тіркелді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да есірткі қылмысы жайлы хабарлағандарға сыйақы берілмек
Фото:
ШҚО прокуратурасы

Заңсыз айналымнан 380 кг астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында есірткіге тәуелділікпен күрес және есірткі қылмыстарының алдын алу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі қаралды.

Отырыс облыс әкімдігінің алаңында өтті, оған аймақ басшысы Ермек Көшербаев қатысты.

Ағымдағы жылдың 10 айында облыста 261 есірткі қылмысы тіркелді, оның ішінде 120 (46%) есірткі сату фактілері. 166 адам қылмыстық жауаптылық қатартылды, оның 36 – есірткі сатқаны үшін. Заңсыз айналымнан 380 кг астам есірткі, оның ішінде 132 кг синтетикалық түрлері тәркіленді. Синтетикалық есірткі өндіретін 2 нарколаборатория және каннабис өсіретін 1 фитолаборатория жойылды, - деді Үйлестіру кеңесінің төрағасы – облыс прокуроры Алмат Байшолақов.

Синтетикалық есірткінің облыс аумағында бақылаусыз және еркін таралуына қарсы іс-қимылдың жаңа механизмі ретінде облыс прокуратурасы әкімдік және полиция департаментімен бірлесіп "STOP есірткі!" пилоттық жобасын жүзеге асыруды ұсынды. Бұл жоба бойынша азаматтарға есірткі, әсіресе синтетикалық түрлерінің заңсыз айналымы туралы расталған мәліметтерді хабарлағаны үшін ақшалай сыйақы беріледі.

Облыс әкімі ұсыныстар мен бастамаларды қолдап, отырыс барысында әкімдер мен мемлекеттік органдардың жауапты басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша тараптар өз ниеттерін өзара ынтымақтастық туралы меморандум арқылы бекітті.

Следующая →