Самар ауданының жаңа әкімі тағайындалды
Ауданның жаңа басшысын облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов таныстырды
Самар ауданының әкімі лауазымына Серік Жеңісов тағайындалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі
Жеке меншік сектор мен мемлекеттік қызмет саласында тәжірибесі бар Серік Жеңісұлы еңбек жолын 2005 жылы Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінде бастаған. Әр жылдары ШҚО Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде, ШҚО ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары, "Шығыс ақпарат" ЖШС басқарма төрағасы, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласы "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ басқарушы директоры, Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.
Бұл лауазымға дейін ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысы қызметін атқарды.