Өскеменде Глубокое ауданының мәдени күндері өтеді
Осы аптада облыс орталығына Глубокое ауданының өнерпаздары мен ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер келеді
"Туған жер - алтын бесігім" облыстық жобасы аясында 13-14 желтоқсан күндері Өскемен қаласында Глубокое ауданының мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жұма күні Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясында көрме ұйымдастырылып, Глубокое ауданының көркемөнерпаздар ұжымдарының гала-концерті өтеді. Сондай-ақ Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева сахнада өнер көрсетеді.
Ал сенбі күні Жібек жолы, 6 мекенжайындағы "Шығыс Алтай" сауда-саттық алаңында Глубокое ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады.