ШҚО күнбағыс майын өндіруден көш басында
Биыл дәнді және майлы дақылдардың өнімділігі 25 пайызға өсіп, экспорт ұлғайған

Өңделген өнімдердің экспорты бір жылда 37,6 пайыздан 65,5 пайызға өсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев атап өткендей, күнбағыс майын өндіруден – Шығыс Қазақстан 1-орында, яғни 255 мың тонна немесе 65%-ке жеткен.
Өсімдік майын тасымалдауға бірнеше келісімшарт жасалды:
- ҚХР халықаралық көрмесінде 11 млн долларға ("ВостокЭкоЛайн", "Сей-Нар" және "Янтарь УК" компаниялары)
- Самарқанда өткен 4-ші "Қазақстан-Өзбекстан" халықаралық ынтымақтастық форумында 12 млн долларға ($10 млн "Altyn Shyghys" серіктестігі мен өзбектің "Pet Agro Oil" компаниясы және $2 млн "OskemenAgroProduct" пен "TEXNO SERVIS SAM" компаниялары арасында)
- Шанхайдағы 7-ші халықаралық импорт көрмесінде B2B-келіссөздердің нәтижесінде 3 млн долларға келісімшарт жасалды ("Восток сельхоз продукт" пен қытайлық компания).
Өскеменде жылына 50 мың тонна шикізат өндіретін "Алтай май" май экстракциялау зауытының құрылысы аяқталады. Құны 17,3 млрд теңге. Бюджеттен 2,5 млрд, инвестор 14,8 млрд теңге бөліп отыр. Бұл зауыт өңделген өнімнің көлемін 595 мың тоннадан 700 мың тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік береді. Өсімдік майының экспорты бір жарым есеге ұлғаяды, - деп атап өтті Ермек Беделбайұлы.