Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +16°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +28°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +30°
$
537.75
-0.58
626.43
-0.56
¥
74.92
-0.10
6.71
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қытайдың Қанас көліне келетін туристерді Марқакөлге тарту көзделуде

Қытайдың Қанас көліне жылына 10-20 млн турист демалуға келеді екен

Усть-Каменогорск и ВКО / Қытайдың Қанас көліне келетін туристерді Марқакөлге тарту көзделуде
Фото:
ortcom.kz

Сол туристерді Қазақстанға да тарту мақсатында болашақта трансшекаралық туристік бағыт ашылуы мүмкін, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Марқакөл ауданындағы Теректі және Қытай жағындағы Ақтүбек ауылдары маңында жаңа шекара өткелі ашылуы мүмкін екенін айтты.

Осы мақсатта Қытай тарапымен көктемнен бері келссөздер жүргізіліп жатыр.

Қытай тарапымен бірлесіп Марқакөл және Қанас (Қытай) көлдері арасында трансшекаралық туристік маршрут ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Ол үшін Марқакөл ауданындағы Теректі және Қытай жағындағы Ақтүбек ауылдары маңында жаңа шекара өткелін ашу және Марқакөл көліне дейінгі жол құрылысы мәселелері пысықталып жатыр. Одан өзге, жол ұлттық парк аумағынан өтетіндіктен бұл жерде қарастырылатын мәселе көп, - деді Ермек Көшербаев. - Қанас көлі Марқакөлге қарағанда кішкентай. Қытайдың ішінде ол жерге 10-15 млн туристер келеді. Қанас көлінің жанында халықаралық әуежай құрылған. Күнде 15-20 үлкен лайнер туристерді алып келеді. Қытайдың туристік компаниялары Қанас көлінен Марқакөлге барып, соны көрсек деп сұрап отыр. Бүгінде Марқакөлге апаратын жол тек қана Зайсан арқылы өтеді және ол бірталай уақытты алады. Бұл жағдайды шешсек, қосымша Зайсан мен Қатонқарағайда салынатын әуежаймен қосылғанда, осы аудандарға даму мүмкіндігін береді.

Қанас көлі аймағының жер бедері мен табиғаты Марқакөл көлімен ұқсас келеді. Бірақ Шығыс Қазақстандағы көл одан бірнеше есе үлкен. Сондықтан оның туристік әлеуеті де жоғары. Өкінішке қарай, Марқакөлде әлі қажетті инфрақұрылым жоқ. Дегенмен табысты жұмыс істеп тұрған туристік жобамен байланыс орнату келушілер санын арттыруға үлес қосатын болады.

Соңғы бірнеше жылдың ішінде аймақта туризмді дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып келе жатқанын айта кеткен жөн. Мәселен, "Шығыс салбурыны", "Altay Fest" сынды брендтік іс-шаралар Шығыс Қазақстанның туризм индустриясының жарқын бейнесіне айналуда.

Қонақжай үйлері ұйымдастырылған туризмнің үлгісіне және тұрғындардың табыс көзіне айналды. Катонқарағайдағы Коробиха ауылы бүгінде бүкіл елге мәлім, - деп атап өтті облыс әкімі. - Риддер қаласында белсенді демалыс және тау шаңғысы спортымен шұғылдануға арналған кластер қалыптастыруды жоспарлап отырмыз. Ал, Катонқарағай ауданында 4 жұлдызды отель мен 2-3 жұлдызды қонақ үйлер салынады. Катонқарағай мен Зайсанда әуежай салынса, ол да облыстың бірнеше ауданындағы туризмнің дамуына оң әсер ететіні сөзсіз. Қазіргі таңда құрылыс орындары белгілі болды. Әуежайды салу жұмыстары келесі жылы басталады.

Қолға алған іс-шаралар жыл басынан туристік саладағы инвестициялар көлемін 23%-ға, қонақтарды орналастыру көлемін 50%-ға, ал демалушылар санын 20%-ға арттыруға мүмкіндік берді.

Следующая →