Өскеменде шежіре кітабының тұсау кесері өтті
"Аталар тарихы – ұрпаққа аманат" кітабында тұтас бір әулеттің шежірелік деректері баяндалады
А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Өскемен қаласының тұрғыны, зейнеткер, тарихшы-шежіреші Закария Құрманғалидың "Аталар тарихы – ұрпаққа аманат" атты шежірелік деректер кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Кітап авторы болыс тұқымынан болып, малы тәркіленген. Аталары қудалауға ұшырап, түрмеге түскен. Кітаптағы басты кейіпкер сонау бала кезден бастап, өнерді бағалайтын, ән-жырға жаны құмар қарапайым ауыл тұрғыны. 1989-1990 жылдары отбасылық ансамбль құрып, шығыстың көптеген өңірлерінде концерт берген.
Риддер қаласының мәдениет басшылары наурыз мейрамына арнайы шақырып, өнер көрсеттік. Құшақ жайып қарсы алды. Концертті тамашалаған халық дән риза болды. Қабанбай батыр бабамыздың 300 жылдық асына да арнайы өнер ансамбьлімізбен барып, Тарбағатай ауданы орталығы Ақжарға барып концертке қатыстық, - дейді кітап авторы Закария Құрманғали.