Биыл Самар ауданында құрылыс көлемі артқан
Самар ауданында жылдың алғашқы он айында құрылыс, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларында оң динамика байқалды
Ауданда туризм саласы да дамып келеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ауданның үлкен жетістіктерінің бірі құрылыс көлемінің артуы. Жалпы құрылыс көлемі 4,4 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда үш есеге өскен. Ауыл шаруашылығында да өсім байқалады. Өнім көлемі 10,5%-ға артып, аудан аумағында ауыл шаруашылығы техникаларының саны 1446 бірлікті құрады. Сонымен қатар, биыл 42 жаңа техника сатып алынды. Туризм саласында да даму оң өзгерістер байқалады. Буұқтырма су қоймасы ШҚО-дағы ең танымал демалыс аймақтарының біріне айналып, жыл сайын 55 мыңнан астам туристі қабылдауда. Демалушыларға қолайлы жағдай жасау үшін жағалауда жаңа инфрақұрылым мен нысандар салу жоспарланып отыр, - деді ШҚО Самар ауданы әкімінің орынбасары Қайдар Сұрашев.
Сонымен қатар аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен және электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. 2024 жылы жолдарды жөндеуге 1,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 29 шақырым жол жөнделген.