Көкжөтелмен ауырғандардың көбі өскмендіктер
ШҚО-да ағымдағы жылы көкжөтелдің 117 жағдайы тіркелген
Бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 15,9 % қарқынды көрсеткішін құрайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Көкжөтел - бұл бактериялық инфекция. Әсіресе балалар арасында жиі кездесетін ауру. Ауруды Bordetella pertussis бактериясы тудырады. Бактерия тыныс алу жолдарына әсер етіп, ұзақ әрі қатты жөтелге әкеледі.
Өскемен қаласында көкжөтелдің - 94 жағдайы,Ұлан ауданында 9, Глубокое ауданында 4, Зайсан ауданында 3, Тарбағатай және Шемонаиха аудандарында 2 жағдай, Риддер қаласы, Күршім және Алтай аудандарында 1 жағдайдан тіркелген. Жас ерекшелігі бойынша 1 жасқа дейінгі балаларда 39 жағдай, 1-5 жас аралығындағы балаларда 68, 6-9 жас аралығындағы балаларда 8, 19 жастан жоғарылар арасында 2 жағдай тіркелген. Екпе алмаған балалардың жалпы саны - 93. Оның ішінде екпе жасына жетпегендер 9, медициналық қарсы көрсетілімдері бар 28, екпеден бас тартқандар 47, екпе уақытын өткізіп алғандар 9 бала. 2023 жылы облыста көкжөтелдің 3 расталған жағдайы тіркелген болатын. Оның барлығы 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған, - дейді ШҚО санитарлық-эпидимиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.
2024 жылдың 10 айында мақсатты топтағы 1 жасқа дейінгі балалар арасында (АКДС3+Hib3) - 83,7% (6465 бала), 1 жасқа толған балалар арасында (АКДС4+Hib4) 44,5% (7338 бала), 6 жастағы балалар арасында (АбКДС) 80,6%-ы көкжөтелге қарсы екпе алған.
Сәуле Слямғазинаның айтуынша облыстағы балалардың басым бөлігі қажетті екпеніа алған.