Өскемен
Қалың бұлтты
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Семей
    -2°
  • Алматы
    +10°
  • Риддер
    +4°
  • Астана
    -1°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Ақтау
    +13°
  • Атырау
    +11°
  • Қарағанды
    +1°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    -1°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +11°
  • Түркістан
    +18°
  • Орал
  • Шымкент
    +18°
$
479.02
-7.18
551.11
-6.71
¥
69.56
-0.95
5.82
-0.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да көлік дөңгелегін ауыстырмаған отыз шақты жүргізуші ұсталды

1 желтоқсаннан бастап көлік жүргізушілерін жаздық шиналарды ауыстыруға міндеттейтін жаңа ережелер күшіне енді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да көлік дөңгелегін ауыстырмаған отыз шақты жүргізуші ұсталды
Фото:
ШҚО ПД

ШҚО полицейлері 4 күн ішінде жазғы шиналарын ауыстырмаған жүргізушілерді анықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Желтоқсанның алғашқы төрт күнінде Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жазғы дөңгелектермен жүрген 34 көлік иесін анықтаған, - деп хабарлады ШҚО ПД. – Заңбұзушылардың бірі автокөлігімен кәмелетке толмаған балаларды алып жүрген. Барлық заңбұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Полиция қызметкерлері қысқы шиналарды тағу – бұл тек заң талабы ғана емес, қауіпсіздік шарасы екенін еске салады.

Ескертуді елемегендер 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 18 500 теңге төлейді. Бір жыл ішінде талапты тағы бұзса, айыппұл 20 айлық есептік көрсеткішке дейін өседі. Яғни, 74 мың теңге төлеуге міндеттелмек. Айта өтейік, заңнамаға сәйкес, темір тұлпар тізгіншілері 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО ПД Қысқы шиналарды ауыстыру Айыппұл