Өскемен
пасмурно
-8°
  • Өскемен
    -8°
  • Алматы
    -3°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -12°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    -8°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -2°
$
521.81
+6.56
543.67
+7.76
¥
71.49
+0.89
5.05
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде бейбіт күннің батырлары жүздесті

Халық қаһарманы Қайрат Үмбетов "Айбын" орденінің иегері әрі көпбалалы әке Жанасбек Пермабекпен жүздесті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде бейбіт күннің батырлары жүздесті
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, Халық қаһарманы, генерал-майор Қайрат Үмбетов ІІІ дәрежелі "Айбын" орденінің иесі, көпбалалы әке Жанасбек Пермабекпен кездесті. Халық қаһарманы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты №6699 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтордің үйіне барып, жанұясымен жолықты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

№6699 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, көпбалалы әке, ефрейтор Жанасбек Пермабектің үйіне арнайы келіп, балаларға базарлық сыйлап, қаруласымыздың отбасымен жақынырақ таныстық. Ұлттық ұлан қолбасшылығы қашанда қатарымызда қызмет етіп жүрген көпбалалы отбасыларға ерекше көңіл бөліп, оларға әлеуметтік қолдау танытып келеді. Жанасбектей жауынгердің қатарымызда қызмет етіп жүргеніне мақтанамыз, - дейді генерал-майор Қайрат Үмбетов.

Жанасбек Пермабек биыл маусым айында көзсіз ерлік танытып, жұрт ықыласына ие болды. Өскемен қаласында Үлбі өзенінің жағасында серуендеп жүрген ол суға батып бара жатқан қызды байқайды. Өзеннің қатты ағысына қарамастан суға лап қойған ол бойжеткенді өзен жағасына шығарады. Жауынгердің жанкешті әрекетінің арқасында қыз өлім аузынан аман қалады. Бұл ерлігі үшін мемлекет басшысының жарлығымен ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Қызметте жаужүрек жауынгер өмірде төрт баланың ардақты әкесі.

Еске салайық, Халық қаһарманы Қайрат Үмбетов те оқу-жаттығу кезінде сарбазды граната жарылысынан құтқарып, ерен ерлік үлгісін көрсеткен болатын. Бейбіт күннің қос батыры қоғамдағы оқиғаларға бейжай қарамай, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті дарыту қажеттігін сөз етті.

Следующая →