Өскемен
Қалың бұлтты
-2°
  • Өскемен
    -2°
  • Семей
    -1°
  • Алматы
    +3°
  • Риддер
    -6°
  • Астана
    -1°
  • Ақтөбе
    +2°
  • Ақтау
    +12°
  • Атырау
    +11°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +7°
  • Павлодар
  • Петропавловск
  • Тараз
    +4°
  • Түркістан
    +10°
  • Орал
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
491.68
+2.29
568.23
+0.24
¥
71.57
+0.29
6.2
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Осы аптада Өскеменде Алтай ауданының мәдени күндері өтеді

"Туған жер - алтын бесігім" жобасы аясында 6-7 желтоқсан күндері Өскемен қаласында Алтай ауданының мәдени күндері өтеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Осы аптада Өскеменде Алтай ауданының мәдени күндері өтеді
Фото:
Устинка LIVE

Ауданның фермерлері ауылшаруашылық өнімдерін әкелсе, өнерпаздары концерт қояды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

6 желтоқсан күні сағат 11.00-де Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев түлектер кездеседі.

Сағат 17.00 -де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында жергілікті суретшілердің, қолөнершілердің шеберлік сабақтары мен көрмесі және ұлттық салт-дәстүрлер көрсетіледі. Ары қарай көрермендер залында Алтай ауданының шығармашылық ұжымдары мен әртістерінің қатысуымен концерт өтеді.

Ал сол күні кешкі сағат 19.00-де Стаханов көшесі, 3а мекенжайында Алтай ауданы әкімінің кубогына футзалдан турнир ұйымдастырылады.

Сенбі, 7 желтоқсан күні, "Алтай" сауда-саттық алаңында ауылшаруашылық жәрмеңкесі, сондай-ақ жәрмеңке барысында байқаулар мен спорттық іс-шаралар өтеді.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Туған жер - алтын бесігім Алтай ауданы Өскемен