Өскемен тұрғыны терезеден секірмек болған
Бүгін Әл-Фараби көшесі бойындағы үйлердің бірінде тұратын егде жастағыс әйел адам терезеден секірмек болған
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен
Бұл туралы 112 пультіне хабар түскен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Оқиға орнына дереу құтқарушылар, психолог Дина Тоқтарханова және жедел жәрдем қызметкерлері келді. Психолог тұрғынның тілін тауып, оны тыңдап, қолдау көрсетіп, оқыс жағдайдың алдын алды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеті адам өмірін сақтап қалды.