Өскеменде "СуперЦОН" қай жерден ашылмақ?
Облыс басшысы Ермек Көшербаев құрылысы жоспарланып отырған "СуперЦОН" құрылысы алаңына барды
Өскемендегі жаңа халыққа қызмет көрсету орталығы "Алтай" көтерме сауда орталығынының жанынан ашылатын болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Облыс басшысының айтуынша, барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. "СуперЦОН-да" бірыңғай цифрлық фронт-кеңсе болады. Онда аймақ тұрғындары бірнеше мекемені араламай-ақ, мемлекеттік және әлеуметтік қызметтердің кең спектрін ала алады.
"СуперЦОН" үшін "Алтай" көтерме сауда орталығының жанынан орын тандалды. Оған қаладағы қоғамдық көлікпен оңай қатынауға болады. Бірақ, әрине, үлкен автотұрақ жайын да қарастыру қажет. Ерекше ЦОН-дар жұмысы Қазақстанның басқа қалаларында халықтың оң бағасын алып жатыр, - деп атап өтті облыс әкімі Ермек Көшербаев.
Сондай-ақ облыс басшысы Ермек Көшербаев Қазақстандағы электротехникалық өнім өндіретін ірі компаниялардың бірі "Кэмонт" АҚ барды. Аталмыш акционерлік қоғам мен энергетика және ТҮКШ басқармасымен бірлесіп Өскемен көшелерін жарықтандыруды жаңғырту жобасын қайта жасауы туралы мәселе пысықталатын болады.
Бұл кәсіпорын қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Алайда дағдарыстан шығудың жолдары бар екенін көріп отырмыз. Аталмыш акционерлік қоғам мен энергетика және ТҮКШ басқармасымен бірлесіп Өскемен көшелерін жарықтандыруды жаңғырту жобасын қайта жасауы туралы мәселе пысықталатын болады. Өйткені қала тұрғындарының тарапынан шағымдар түсуде. Бүгінгі таңда кәсіпорында бірқатар цех жұмыс істейді. Шығарылатын өнімдердің ассортиментін кеңейтіп, жол және туристік инфрақұрылымға арналған тауарларды шығару қарастырылуда. Сондай-ақ мұнда электромобильдерге арналған қуаттағыш шығарылады. Клиенттермен келісімшарттар жаңартылды, екі айдан бері кәсіпорын өз қызметкерлеріне жалақыны уақтылы төлеп отыр. "Кэмонт" қосалқы мердігер ретінде Бозанбай мен Тавриядағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені сынды нысандарда қажетті жұмыстарды аяқтайды, - деді облыс басшысы Ермек Көшербаев.