Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +3°
$
523.58
+0.41
549.71
-0.35
¥
71.99
+0.18
5.01
+0.08
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО кардиохирургтары жүрекке жасалатын тағы бір отаның түрін меңгерді

Облыстық ауруханада жүрек қақпақшаларын ауыстыру (TAVI) бойынша траскатетерлік операциялар шамамен бес жыл бойы жасалып келеді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО кардиохирургтары жүрекке жасалатын тағы бір отаның түрін меңгерді
Фото:
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен

Өткен сенбіде облыстық аурухананың дәрігерлері алғаш рет жүректің жоғарғы бөлігіндегі тесік арқылы қолқа (аорта) қақпағын орнатты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

78 жастағы ШҚО тұрғынына созылмалы аурулары көп болғандықтан жүрегіне ашық операция жасауға болмайтын. Науқастың өмірін сақтап қалу үшін TAVI отасын жасау қажет болған. Науқасқа отаны құрамында рентгенхирург, кардиохирург, анестезиолог бар мультидисциплинарлық дәрігерлер тобы Ұлттық ғылыми кардиология орталығының кардиохирургтері Серік Әлімбаев пен Абдурашид Мұсаевтың жетекшілігімен жасады. Ота шамамен төрт сағатқа созылвр сәтті аяқталған.

Операцияны осындай тәсілмен жасау пациентті отаға дайындайтын дәрігерлердің де, хирургтардың да, кардиологтардың да үлкен шеберлігін қажет етеді. Бірақ жүрек клапандарын транскатетерлік имплантациялауды бес жылға жуық жасап келе жатқан біздің тәжірибеміз бар. Соның нәтижесінде біз бүгін бұрыннан таныс TAVI-ді біз үшін жаңа жолмен жасауға мүмкіндік алдық, - дейді облыстық аурухананың кардиохиругтары.

Айта кетейік жүрек қақпашаларын ауыстыру жүрекке ашық операция жасауға болмайтын жастағы науқастарда ауыр стенозды емдеудің қолайлы әдісі. Алайда науқастың артерияларында холестериннің сіңіп, жиналып, түйін тәрізді шоғырланып немесе органдарда кальций тұзы жиналып қалса қақпашаларды артерия арқылы орнату мүмкін емес. Мұндай жағдайда науқастарды Астана қаласындағы Ұлттық кардиология орталығына жіберілетін.

Следующая →