Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +3°
$
523.58
+0.41
549.71
-0.35
¥
71.99
+0.18
5.01
+0.08
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да ауа сапасын бақылайтын экологиялық бюро ашылады

Шығыс Қазақстан облысында "Өскемен тынысы" экологиялық қорғау бюросы ашылады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да ауа сапасын бақылайтын экологиялық бюро ашылады
Фото:
ШҚО әкімдігінен

Облыс әкімінің ұсынысымен Қоғамдық кеңес жанынан құрылатын бұл бюроға әр саланың мамандары мүше болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Осылайша экологиялық, әлеуметтік және медициналық мәселелерді кешенді түрде шешу қолға алынбақ.

Жаңа ұйымның мақсаты – ауа сапасына қатысты қордаланған мәселелердің шешімін іздеп, өскемендіктердің тұрмыс жағдайын жақсарту. Атап айтқанда, қаланың әр ауданында атмосфераға мониторинг жасайтын құрылғыларды орнату, оны калибрлеу, кәсіпорындардағы сүзгіні жақсарту, қолданыстағы шаралардың тиімділігін бағалау, жаңа ұсыныстар әзірлеу, тұрғындарға ауа ластануының қауіп-қатері мен оны азайтудың жолдарын түсіндіру үшін білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру, экологиялық стандарттардың орындалуын бақылау.

Аймақ басшысы "Өскемен тынысы" экологиялық қорғау бюросының" жол картасын жасақтаудан бастап, қаланың экологиялық жобаларын жүзеге асыруды жеделдету жұмыстарымен айналысатынын алға тартты.

Қоғамның, жергілікті атқарушы органдардың және табиғатты пайдаланушылардың өзара қарым-қатынасының тиімді тетіктері қажет екенін бұдан бұрын да айтқан едім. Экобелсенділер мемлекеттік органдар мен кәсіпорындармен диалог орнату арқылы мәселені шешу жолдарын қарастыратын болады. Ең бастысы, қоғамдық бақылау күшейтіледі. Қаланың әрбір тұрғыны осы ұйымның заңды өкілі деп айтуға негіз бар. Әрине бәрі бірден өзгеріп кетпейтіні анық. Бірақ бірлесе отырып, кезең-кезеңімен қалаған нәтижеге қол жеткізетін боламыз, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.

Осы ретте қоғам белсенділері де бастаманы қолдап, өздерінің пікірін білдірді.

Атмосфераның ластану деңгейін анықтайтын датчиктердің санын көбейтіп, оларды қала бойынша біркелкі орнату керек. Тұрғындар да қандай көмір жағатынымызды білуі қажет. Бұл бағыттағы жұмысты жер үйлер орналасқан аудандарда қарастырған жөн. Оң өзгерістер үшін бюро жұмысында әр қадам маңызды, - деді сала маманы Виталий Чернецкий.

Облыс әкімі жаңа кеңесті ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі, "ECOJER" Ассоциациясы ШҚО бойынша филиалының жетекшісі Елена Березинская-Әбіловаға басқаруды ұсынды.

Соңғы 10 жылдың ішінде алғаш рет қоршаған ортаның жағдайын талқылап, экологиялық қорғау бюросын құру жөнінде шешім қабылдау үшін экологтар мен тәуелсіз сарапшылар шақырылды. Экологиялық мәселелерді шешуде қоғаммен белсенді қарым-қатынас орнату қажет. Атқарылып жатқан жұмыстар жұртшылыққа ашық түрде көрсетілуі керек, - дейді Елена Березинская-Әбілова.

Экологиялық қорғау бюросының құрамына экологиялық, әлеуметтік және денсаулық сақтау мәселелерін шешуге көмектесетін түрлі сала мамандарын қосу жоспарланып отырғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, аталған бюро азаматтар, кәсіп пен билік арасындағы өзара әрекеттесу алаңына айналады деп күтілуде.

Следующая →