Желтоқсанда ШҚО-да ауа райы қандай болады?
Консультативтік болжамға сәйкес, желтоқсан айында Қазақстанның басым бөлігінде қар, боран және екпінді жел күтіледі
Бірінші онкүндікте республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде ауа температурасы -10-18°С-тан -3-10°С-қа дейін, күндіз 0,-8°С-тан -3+5°С-қа дейін ауытқиды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қазгидромет" РМК ақпаратына сүйенсек, солтүстік-батыс және солтүстік антициклондардың әсерінен ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.
Жалпы, желтоқсан айында бүкіл ел бойынша температуралық фон климаттық норма шамасында, ал жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан көп болжанады.