Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО ТЖД қалалық ауруханада оқу-жаттығу өткізді

Құтқарушылар медициналық мекемедегі өртті сөндіру дағдыларын пысықтады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО ТЖД қалалық ауруханада оқу-жаттығу өткізді
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен

Жаттығу барысында медициналық мекеме қызметкерлерінің төтенше жағдайға дайындығы тексерілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өрт-тактикалық жаттығулар сценариі бойынша, 3-қабаттағы стационар ғимаратында оттегінің шығуы нәтижесінде газ-ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан жиһаз, төсек-орын жанды, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Медициналық персонал бұл туралы дереу құтқару қызметіне хабарлайды және науқастарды эвакуациялауды бастайды. Оқиға орнына ШҚО ТЖД күштері мен құралдары келеді. Кезекші электрик электр энергиясын өшіреді. Тыныс алу органдарын қорғау аппараттарын пайдалана отырып, өрт сөндірушілердің топтары оқиға орнын барлауға кірісті. Ғимарат ішінде қалғандарды сыртқа шығарды.

Түтін басқан 3-қабаттағы палаталарда қалған науқастар мен қызметкерлерді автосаты арқылы эвакуациялады. Бұл уақытта басқалары өртті сөндіріп жатты.

Құтқарушылардың үйлестірілген әрекеттерінің нәтижесінде өрт толық жойылды.

Оқу-жаттығу барысында аурухана қызметкерлерінің осындай жағдайларға дайындық деңгейі тексеріліп, іс-әрекеттері пысықталды, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.


Следующая →