Өскеменде ерекше әртістердің қатысуымен ерекше концерт өтеді
Халықаралық мүгедектер күніне орай облыс орталығында "Инклюзивті әлем" концерті ұйымдастырылмақ
Концерт 30 қарашада сағат 10.00-де ШҚО облыстық филармониясында өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Алдымен қолданбалы шығармашылық көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылып, артынша концерттік бағдарламаға ұласады.
Айта кетейік, концертке кіру тегін. Ерекше әртістерге қолдау білдіремін деушілерге есік ашық.
Халықаралық мүгедектер күні бүкіл әлемде жыл сайын 3 желтоқсанда атап өтіледі. Бұл күн мүгедектігі бар азаматтардың мәселелеріне көңіл бөлуге, құқығы мен денсаулықтарын қорғауға, олардың саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірге қатысуынан қоғамға келетін басымдықтарға назар аударуға бағытталған.