Өскемен
малооблачно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +25°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +24°
$
512.16
+1.12
580.94
-0.78
¥
71.18
+0.07
6.39
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО халқының жартысына жуығы спортпен айналысады

2023 жылы ШҚО-да спортпен айналысатын халықтың үлесі 42%-ға, яғни 305 989 адамға өсті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО халқының жартысына жуығы спортпен айналысады
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі

Осы саладағы жұмыстарды жақсарту үшін облыста Дене шынықтыруды дамыту орталығы ашылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Орталықтың негізгі міндеті – барлық жастағы топтар, соның ішінде мектеп оқушылары, студенттер, еңбек ұжымдары және тіпті зейнеткерлер үшін жарыстар ұйымдастыру.

ШҚО Спорт және дене шынықтыру басқармасының ақпаратына сүйенсек, 2023 жылы өңір спортшылары 4359 медаль жеңіп алды, оның ішінде 1567 алтын, 1404 күміс, 1388 қола медаль бар. Облыс құрамынан 735 спортшыдан құралған ұлттық құрама команда халықаралық және республикалық жарыстарға белсенді қатысуда.

ШҚО-да 1687 спорт нысаны бар, оның 1116-сы ауылдық жерлерде орналасқан. Қазіргі уақытта 5,5 миллиард теңге көлеміндегі 10 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, шаңғы роллер трассасы, тау шаңғысы базасы және спорттық модуль бар, - дейді ШҚО Спорт және дене шынықтыру басқармасының жоғары жетістіктер және спорт резерві бөлімінің жетекшісі Аида Жуханова.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың қараша айында Тұғыл ауылында жаңа ДШСК пайдалануға берілді, ал жылдың соңына дейін Бозанбай және Таврическое ауылдарында тағы екі нысанның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Биыл өңірде 68 республикалық және 3 халықаралық турнир сәтті ұйымдастырылды. Олардың арасында дәстүрлі "Шығыс Салбурыны" фестивалі, Халықаралық шахмат турнирі және Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған Халықаралық турнирін ерекше атап өтуге болады.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Спорт Жетістік